Отандық киберспортшы халықаралық жарыста тағы да топ жарды
Киберспорт
Қазақстандық киберспортшы тағы да халықарылық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Данил Голубенко CS 2 ойынынан бразилиялық FURIA командасында өнер көрсетеді. Molodoy лақап атымен танымал отандасымыз BLAST Rivals Finals Season 2 финалында Team Falcons командасымен кездесті. Ойын нәтижесінде Данил бастаған Furia командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық ойыншы командасымен бірге осымен қатарынан үшінші ірі жарыста чемпион атанды.