Мбаппе мен “ПСЖ” бір-бірін сотқа берді

Мбаппе мен “ПСЖ” бір-бірін сотқа берді
Футбол

Getty Images

Футболдан Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе пен “ПСЖ” клубы бір-бірін сотқа берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Килиан өзінің экс-клубынан дұрыс рәсімделмеген келісімшарт салдарынан төленбеген 263 млн еуро көлеміндені сыйақыны беруді талап етіп отыр. 

Le Monde басылымы, клубтың Мбаппеден 240 млн еуро талап етіп отырғанын жазады. Себеп - Килианның 2023 жылдың жазында 300 мон еуроға саудиялық “Әл-Хиляль” сапына ауысудан бас тартуы. Алайда ойыншының адвокаты Килианның мұндай офферден хаьары болмағанын айтады. 

Бұл істі Париждің еңбек дауы соты қарастырады.