Халық саны ең аз мемлекет әлем чемпионатына шықты

 Халық саны ең аз мемлекет әлем чемпионатына шықты
Футбол

AFP

Футболдан Кюрасао құрамасы халық саны ең аз мемлекеттер арасынан әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы ел атанып, тарихи нәтиже тіркеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бар-жоғы 156 мың халық тұратын Кариб теңізіндегі арал Исландияның рекордын басып озып, тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. 

Бұл тарихи нәтижеге голландиялық маман Дик Адвокаттың қосқан үлесі зор. Ол 2024 жылдың қаңтар айында құраманың бас бапкері қызметіне келген. 

Кюрасао үшін іріктеудің 6-турындағы ойын шешуші рөл атқарып, Ямайкамен матч 0:0 есебімен тең аяқталған. Бұл нәтиже Кюрасао құрамасына 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алуға мүмкіндік берді.