Роналду Ақ үйдегі кешкі асқа қатысып, Трамптың отбасымен танысты (ВИДЕО)
Футбол
Reuters
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ақ үйдегі кешкі асқа қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың отбасымен танысты деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
USA Today хабарлауынша, әйгілі футболшы кешкі астың құрметті қонақтарының бірі болған. Кешкі ас Ақ үйде Сауд Арабиясы мұрагер ханзадасының сапары құрметіне ұйымдастырылған.
“Менің ұлым - Роналдудың жанкүйері. Баррон онымен кездесу мүмкіндігіне ие болды, енді ол екеуін таныстырғаным үшін әкесін бұрынғыдан да қаттырақ сыйлайды деп үміттенемін”, - деді Трамп кешкі ас барысында.
Құрметті қонақтар қатарында Tesla ректоры Илон Маск пен Apple басшысы Тим Кук болды.
Айта кетейік, жақында Криштиану Роналду келер жылғы әлем чемпионаты мансабындағы соңғы мундиаль болатынын айтқан.