“Қайрат” Копенгагенде алғашқы жаттығуын өткізді (ФОТО)

“Қайрат” Копенгагенде алғашқы жаттығуын өткізді (ФОТО)
Футбол

"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі аясындағы кезекті матчын Данияда өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Рафаэль Уразбахтин бастаған команданың бесінші турдағы қарсыласы - "Копенгаген".

Алматылық ұжым матч алдында Копенгагенде жаттығу өткізді. Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде команданың жаттығу сәтінен суреттерді жариялап, 

"Ақ жаңбыр, таза ауа, жеңіл дайындық", - деп жазды.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Копенгаген" арасындағы матч 26 қараша күні өтеді. Қазіргі таңда "Қайраттың" да", "Копенгагеннің" де қоржынында бір ұпай бар.