Арина Соболенко үйлену тойының қашан болатынын айтты (ВИДЕО)
Теннис
Арина Соболенко және Георгиос Франгулис. Сурет: Getty Images
Әлемнің бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы Арина Соболенко үйлену тойына дайындықтың бірнеше жылға созылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
- Тойдың өтетін күнін белгіледіңіздер ме?
- Жоқ. Бізге бәрін алдын-ала жоспарлау керек, ал бұған уақыт қажет. Мен бәрі жоғары деңгейде өткенін, бәрінің тойда көңіл көтергенін қалаймын. Ал бұған уақыт қажет, сондықтан дайындыққа жарты жыл, мүмкін екі жыл керек болар (күлді), - деп жауап берді Арина Соболенко Tennis Channel YouTube арнасындағы сұхбатында.
Айта кетейік, наурыз айының басында грекиялық кәсіпкер Георгиос Франгулис белорусиялық теннисшіге үйлену туралы ұсыныс жасаған еді.