Биатлоннан Қазақстан құрамасы IBU Кубогіне қатысады
Биатлон
Аустрияның Обертиллиах қаласында өтетін IBU кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан биатлон құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Аталған халықаралық жарыста ел намысын тоғыз спортшы қорғайды. Құрамға Александр Мухин, Данил Червенко, Егор Гребенщиков, Ержанат Қуандық, Никита Акимов, Дарья Климина, Адима Қуанышбекова, Лаура Киныбаева және Алина Скрипкина енді.
Айта кетейік, жарыс 4 желтоқсанда басталады.