“Қайрат” сырт алаңда “Копенгагенмен” кездеседі
Футбол
Бүгін алматылық “Қайрат” сырт алаңда даниялық “Копенгагенмен” кездеседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі бесінші туры аясында өтетін матч Копенгагенде өтеді.
Екі команданың да қоржынында төрт турдан кейін бір ұпайдан бар. Алматылық ұжым “Олимпиакоспен” тең түссе (0:0), “Спортинг”, “Реал” мен “Интерден” жеңілді. Ал даниялық команда болса, “Байермен” тең ойнап (2:2), “Карабах”, “Боруссия” мен “Тоттенхэмнен” ұтылған.
Матч Астана уақытымен сағат 22:45-те басталады. Ойынды “Qazaqstan” телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.