Үстел теннисі: қазақ баласы әлем чемпионатының ширек финалында
Теннис
Румынияның Клуж-Напока қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғаш болып қазақстандық Алан Құрманғалиев өнер көрсетті.
Аралас жұптық сайыста Құрманғалиев пен мысырлық Хана Года Пуэрто-Рико спортшылары Энрике Риос/Кристал Мелендес жұбын жеңді.
Кездесу 3:1 есебімен аяқталды.