Әлем чемпионатының жүлдегері Олимпиада жолдамасына таласады

Әлем чемпионатының жүлдегері Олимпиада жолдамасына таласады
Қысқы спорт

Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың төртінші іріктеу кезеңі өтеді. Бұл турнирде 11 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Медальдар мен маңызды рейтингтік ұпайлар үшін келесі спортшылар сынға түседі: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Малика Ермек. Төртінші кезең 27-30 қараша аралығында өтеді. Айта кетейік, Әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде ұйымдастырылады.

Сол кезеңдердің нәтижесіне сәйкес 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу квоталары үйлестіріледі.