Ұлттық құрама қақпашысы жаңа дулығасын көрсетті (ФОТО)
Хоккей
“Барыс” ХК
Хоккейден Қазақстан құрамасы мен “Барыс” қақпашысы Никита Бояркин жаңа дулығасын көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
”Барыс” хоккей клубы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Бояркиннің жаңа маусымға арналған дулығасының суретін жариялады. Онда қар барысы бейнеленген.
Никита Бояркин биылғы маусымда әлі бірде-бір ойынға қатысқан жоқ. Қақпашы өткен жылы алған жарақатынан енді ғана толық айығып, командамен сырт айдындағы ойындар сериясына аттанды.
Бүгін “Барыс” түздегі үшінші ойынын “Сібірге” қарсы өткізеді.


