Софья Берульцева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Басқа
Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Берульцева Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды basssport.kz тілшісі.
68 келіден жоғары салмақтың алтын жүлдесі үшін таласта Софья Берульцева Германия спортшысы Йоханна Кнермен кездесті.
Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша германиялық каратеші жеңіске жетіп, Софья жарысты күміс медальмен аяқтады.
Сонымен қатар, ұлттық құрама өкілдері Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) да жүлдеге ие болды. Олар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.