"Жаңа" алаң: "Қайрат" елордадағы алғашқы жаттығуын өткізді
Футбол
"Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі 6-туры аясындағы матчына кезекті жаттығуын Астанада өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
9 желтоқсанда Рафаэль Уразбахтин бастаған команда өз алаңында "Олимпиакосты" қабылдайды. Алматылық ұжым бұл ойында елордадағы "Астана Арена" стадионында өткізеді.
Клубтың баспасөз қызметі команданың "Астана Аренадағы" алғашқы жаттығуынан видео жариялады.
"Жаттығуымызды бастадық!" - деп жазылған Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода.