Қазақстан жолдастық матчта Словенияны жеңді

Қазақстан жолдастық матчта Словенияны жеңді
Хоккей

Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысындағы екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Словенияға қарсы өткен ойынның есебін алғаш болып қазақ хоккейшілері ашты. Алайда сәлден кейін айдын иелері таразы басын теңестіріп, есепте алға да шықты. Дегенмен, жастарымыз өз мүмкіндіктерін қолданып, екінші кезең соңына таман тағы да кездесуде көш бастады. Ойындағы шешуші шайбаны команда капитаны Асанәли Сәркенов өз есебіне жазды - 3:6. Жеңіс.

Енді 7 желтоқсанда І дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты басталады. Қазақстан жастар құрамасының алғашқы қарсыласы - Украина. 

Словения U20 – Қазақстан U20 – 3:6 (1:2, 2:3, 0:1)

0:1 – 02:21 – Миндубаев (Божко)

1:1 – 06:17 – Шпари Лебен (Голичич, Зупанчич)

1:2 – 12:19 – Двуреченский (Ибрагим)

2:2 – 23:26 – Шпари Лебен (Голичич, Хробат Племелж) ГБ

3:2 – 26:32 – Шпари Лебен (Голичич) ГБ

3:3 – 31:39 – Миндубаев (Божко)

3:4 – 33:52 – Сәркенов Ас. (Сәркенов Ал.)

3:5 – 38:06 – Двуреченский ГБ

3:6 – 54:18 – Сәркенов Ас. (Корнеев, Әлібек) ГБ

Қақпашылар: Главич – Ряшин (Алпысбаев, 56:22-60:00)