Месси алғаш рет MLS чемпионы атанды
Футбол
Reuters
"Интер Майами" Major League Soccer плей-офф кезеңінің финалында "Ванкувер Уайткэпс" командасын жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Чейз Стэдиум" аренасында өткен ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матчта Эдьер Окампо есеп ашса, Али Ахмед таразы басын теңестірді. Алайда "Интер Майами" ойыншылары Родриго Де Пауль мен Тадео Альенде голдарының арқасында жеңіске қол жеткізді. Бұл ойында команда капитаны Лионель Месси екі нәтижелі пас берді. Аргентиналық шабуылшы нәтижелі пастар бойынша өзінің әлемдік рекордын өзі жаңартты. Ол жалпы мансабы бойында 407 нәтижелі пасты есебіне жазған.
Осылайша, "Интер Майами" тарихта алғаш рет MLS чемпионы атанды.