Софья Самоделкина халықаралық турнирде қола медаль еншіледі

Софья Самоделкина халықаралық турнирде қола медаль еншіледі
Қысқы спорт

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз жетінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше сатыға жоғары көтерілді. Самоделкина жалпы есепте 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Америкалық Брэдди Тэннел (194,97) жеңіс тойын тойлады. Ал Финляндия спортшысы Лида Кархунен (187,05) екінші орынға ие болды.