Олимпиада ойындарына қатысатын шорт-трекшілердің есімі белгілі болды

Олимпиада ойындарына қатысатын шорт-трекшілердің есімі белгілі болды
Қысқы спорт

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада лицензиясын иеленген спортшылардың есімдері биылғы 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен шорт-тректен Әлемдік турдың қорытындысы бойынша анықталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9 Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.

Лицензия бойынша ақпарат:

2000 м (микст) – 1 лицензия

Ерлер:

500 м – 2 лицензия

1000 м – 1 лицензия

Әйелдер:

500 м – 2 лицензия

1000 м – 1 лицензия 1500 м – 2 лицензия

Айта кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі лицензия жеңіп алған еді. 

Осылайша, Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны 6-ға жетіп, ел қоржынына жалпы 11 лицензия түсті.