Надежда Морозова әлем Кубогында күміс жүлде еншіледі
Қысқы спорт
Надежда Морозова/Сурет: Olympic.kz
Конькиші Надежда Морозова әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем Кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы Надежда Морозова 1500 метр қашықтықты 1:54.98 уақытта жүгіріп өтіп, мәре сызығын екінші болып кесті.
Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги (1:54.95) иеленсе, үздік үштікті Рагне Виклунд (1:55.18) түйіндеді.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына арналған лицензиялар Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша үлестіріледі.