IBU Кубогы: эстафетада ел намысын кім қорғайды

IBU Кубогы: эстафетада ел намысын кім қорғайды
Биатлон

Бүгін, 17 желтоқсанда, Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді. Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.

Ал аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.