"ПСЖ" ФИФА Құрлықаралық Кубогының иегері атанды

Футбол

"ПСЖ" / Сурет: Reuters

"ПСЖ" 2025 жылғы ФИФА Құрлықаралық Кубогының иегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Париждік клуб финалда бразилиялық «Фламенгомен» негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Матчтан кейінгі пенальти сериясында қақпашы Матвей Сафонов төрт соққыны қайтарып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, "ПСЖ" бір жыл ішінде алты трофей жеңіп алған "Барселона" мен "Бавариядан" кейінгі үшінші команда атанды.

Париждік ұжым бір жыл ішінде Чемпиондар Лигасында, Франция чемпионатында жеңімпаз атанып, Франция Кубогын, Чемпиондар трофейін, Еуропа Суперкубогын және енді Құрлықаралық Кубокты иеленді..