Фристайл-акробатика: Ұлттық құрама әлем Кубогы кезеңінде топ-10 енді
Қысқы спорт
Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов / Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Қытайдың Чжанцзякоу қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы барлық дисциплинада өнер көрсетіп, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.
Ерлер:
- Шерзод Хаширбаев - 20-орын;
- Ұланбәкір Өмірзақов - 23-орын;
- Роман Иванов - 25-орын;
- Дінмұхамед Райымқұлов - 26-орын;
- Асылхан Асан - 29-орын.
Әйелдер:
- Ардана Маханова - 25-орын.
Аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтады.