Екі қазақ былғары қолғап шебері "Жылдың үздік боксшысы" атағына үміткерлер тізімінде
Бокс
Махмұд Сабырхан / Сурет: Olympic.kz
World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.Атаоған номинацияға ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан ұсынылды.
Ал әйел боксшыларымыз арасынан бұл атаққа Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.