“Барыс” ҚХЛ аутсайдерінен жеңілді

“Барыс” ҚХЛ аутсайдерінен жеңілді
Хоккей

“Барыс” - “Сочи” ХК / Сурет: “Барыс” ХК

Астаналық “Барыс” төрт матчқа жалғасатын өз айдынындағы матчтар сериясын “Сочиге” қарсы ойынмен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Матч есебін сочилік хоккейшілер ашып, бір минуттан кейін таблодағы көрсеткішті ұлғайта түсті. Айдын иелері Семен Симоновтың шайбасының арқасында есеп айырмасын қысқартқан. Бұл Михаил Кравец шәкірттерінің осы ойында соққан алғашқы және жалғыз шайбасы болды. Бірінші кезең ортасында “Сочи” тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, екінші және үшінші жиырма минуттықтарда Никита Бояркин қақпасына бір шайбадан соқты. 

“Барыс” - “Сочи” ХК - 1:5 (1:3, 0:1, 0:1)

0:1 - 03:16 - Венгрыжановский (Хёфенмайер, Попов)

0:2 - 04:51 - Сероух (Хёфенмайер, Николаев)

1:2 - 05:16 - Симонов (Логвин, Уолш)

1:3 - 10:24 - Волков (Эллис, Кагарлицкий)

1:4 - 34:06 - Ли (Гуськов, Эллис)

1:5 - 58:41 - Венгрыжановский (Ли, Попов)

Қақпашылар: Шутов (Бояркин, 16:32 - 60:00) - Хомченко