“Наполи” үшінші мәрте Италия Суперкубогын иеленді

“Наполи” үшінші мәрте Италия Суперкубогын иеленді
Футбол

Давид Нерес және Амир Ррахмани / Сурет: Abdullah Ahmed/ Getty Images

“Наполи” Италия Суперкубогының финалында “Болоньяны” жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Сауд Арабиясында өткен Италия Суперкубогының финалдық матчында “Наполи” 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз ұжым сапында Давид Нерес дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады. 

Осылайша, “Наполи” үшінші рет Италия Суперкубогының финалында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін команда 1990 және 2014 жылдары Кубок иегері атанған. Ал “Болонья” болса, биыл алғаш рет Италия Суперкубогының финалында бақ сынады.