Дмитрий Панарин халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Басқа
Дмитрий Панарин / Сурет: Olympic.kz
Дмитрий Панарин Bangladesh International Series турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз бадминтоннан жекелей сынның финалында Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды 2:1 есебімен жеңді (21:17, 14:21, 21:10).
Айта кетейік, ол жартылай финалда Дмитрий Конг Чжоу Суинді (Малайзия) 2:0 есебімен ұтқан еді.