Ұлттық құрама ойыншысы “Елімайдан” кетті
Ғалымжан Кенжебек / Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек семейлік "Елімайдан" кетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ұлттық құрама жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек мансабын Ресей Премьер-Лигасында жалғастыруға жақын деген ақпарат кең таралуда Отандасымыз Грозныйдың "Ахмат" клубына ауысқалы отыр. Бұл команданы Станислав Саламұлы Черчесов жаттықтырады. Сондай-ақ аталған ұжым сапында қазақстандық Максим Самородов та өнер көрсетеді.
Биылғы жазда Ғалымжан ҚПЛ-на қайта оралып, "Елімай" клубымен келісімшартқа қол қойды. Семейлік клуб құрамында ол шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың біріне айналып, команданың чемпионатты төртінші орынмен аяқтауына үлес қосты. Бұл нәтиже клубқа Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік берді.