Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды

Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалистері анықталды
Хоккей

Канада - Чехия / Сурет: Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы / Tim Austen

Бұл күндері Америка Құрама Штаттарының Миннесота қаласында хоккейден жастар арасында элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Турнир өзінің шарықтау шегіне де жақындап қалды. Астана уақытымен жексенбіден дүйсенбіге қараған түні жарыстың жартылай финалдық матчтары өтті. 

Финалдың алғашқы жолдамасына Швеция мен Финляндия таласты. Екі құрама жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмай, ойын буллиттер сериясына дейін жалғасты және бұл сында Швеция мықтырақ болды. 

Жартылай финалдың екінші матчында Канада мен Чехия кездесті. Ойын 4:6 есебімен Чехия құрамасының пайдасына шешілді. 

Осылайша, ертең өтетін финалда Швеция мен Чехия құрамалары жастар арасындағы әлем үздігін анықтайды. Ал Канада мен Финляндия қола жүлдені өзара сарапқа салады. 

Айта кетейік, жастар арасындағы топ-дивизиондағы әлем чемпионатында тек 10 құрама өнер көрсетеді. А және В топтарында соңғы орын алған екі команда үздіктер арасындағы орнын сақтап қалу үшін таласып, Германия әлемнің топ-10 құрамасы қатарында қалды. Ал Дания болса, І дивизионның А тобына қайта оралды. 

Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылдың желтоқсан айында І дивизионның А тобындағы әлем біріншілігінде бақ сынап, күміс жүлдеге ие болған еді. Ал бұл топта қарсылас шақ келтірмеген Норвегия келер жылы топ-дивизиондағы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.