Финляндия Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Финляндия Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Хоккей

Финляндия құрамасы. Сурет: Stt-Lehtikuva / SIPA USA / ТАСС

Қысқы Олимпиада ойындарының хоккей турнирі ерлер арасындағы бәсекесінің қола жүлдесі үшін болған ойынында Финляндия мен Словакия құрамалары кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бейжің Олимпиадасының чемпионы мен сол жылғы төртжылдықтың басты бәсекесінің қола жүлдегері арасында болған ойында Финляндия 6:1 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Осылайша, финляндиялық хоккейшілер қатарынан екінші Олимпиадада жүлдемен өз елдеріне оралмақ. 

Ал ақ Ойындардың алтын медалін Канада мен АҚШ құрамалары өзара сарапқа салады. Матч Астана уақытымен бүгін сағат 18:10-да басталады.