Швеция жастар арасында әлем чемпионы атанды

Швеция жастар арасында әлем чемпионы атанды
Хоккей

Швеция құрамасы / Сурет: IIHF / MICHELINE VELUVOLU

Миннесотада хоккейден жастар арасындағы топ-дивизиондағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Финалда Швеция мен Чехия құрамалары кездесті. Ойын 4:2 есебімен Швеция құрамасының пайдасына аяқталды. Осылайша, Швеция жастар арасындағы әлем чемпионаты тарихында үшінші рет жеңімпаз атанды. Бұған дейін бұл құрама 1981 және 2012 жылдары топ жарған. Ал жарыстың қола жүлдесіне Финляндияны 6:3 есебімен жеңген Канада қол жеткізді. Айта кетейік, 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты Канаданың Эдмонтон қаласында өтеді.