"Торпедоның" Құрлықтық Кубокқа қатысатын құрамы жарияланды

Хоккей

"Торпедо" ХК / Сурет: yk.kz

Ұлыбританияның Ноттингем қаласында хоккейден Құрлықтық Кубок турнирі бастауын алды. Бұл жарыста Қазақстан намысын өскемендік "Торпедо" клубы қорғайды. Команданың бапкерлер штабы жарысқа қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қақпашылар: Андрей Янков, Владислав Пестов, Вадим Грохотов.

Қорғаушылар: Фёдор Хорошев, Станислав Боровиков, Степан Александров, Данияр Каиров, Дмитрий Быков, Илья Рыжий, Александр Пелевин, Иван Гавриленко, Марат Сагымбаев, Никита Дубинкин.

Шабуылшылар: Максим Мусоров, Дмитрий Гренц, Михаил Рахманов, Александр Панченко, Эрик Алдабергенов, Илья Кляузов, Никита Колобов, Андрей Рунов, Диас Рысбеков, Артур Глухих, Андрей Яковлев, Степан Рифель, Владимир Боровков.

Өскемендік ұжым турнирдің іріктеу кезеңі аясында франциялық "Дюк-д-Анже" және даниялық "Хернинг Блю Фокс" командаларына қарсы ойнайды. Матчтар 15-16 қаңтар күндері өтеді.