Александра Скороходова Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қысқы спорт
Александра Скороходова / Сурет: Olympic.kz
Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз алып слалом сайысында алтын медаль иеленді.
Екінші орынды канадалық Симона Сент-Пьер алса, қола жүлде АҚШ спортшысы Ноэль Ротқа бұйырды.