Ел үздігі WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады

Ел үздігі WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады
Теннис

Анна Данилина

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Аделаидадағы WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Аустралиядағы жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда қытайлық-чехиялық дуэт Чжан Шуай және Катерина Синяковамен кездесіп, 6:4, 2:6, 10:8 есебімен жеңіліс тапты. 

Енді спортшылар Australian Open турниріне дайындалады, онда да қазақстандық-сербиялық жұп бірге өнер көрсетеді деп күтіліп отыр.