"Барыс" қатарынан бесінші рет жеңіліс тапты
Хоккей
"Барыс" - "Нефтехимик" / Сурет: "Барыс" ХК
Елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынында нижнекамскілік "Нефтехимикті" қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Командалар маусым барысында бұған дейін екі рет кездескен және екі матчта да "Нефтехимик" жеңіске жеткен. Астанада өткен ойынның алғашқы кезеңінде нижнекамскілік хоккейшілер есеп ашып, таблодағы осы көрсеткіш кездесу соңына дейін өзгеріссіз қалды. Осымен "Барыс" қатарынан бесінші ойында жеңіліс тапты.
Енді 17 қаңтарда "Барыс" өз айдынында мәскеулік "ЦСКА" командасын қабылдайды.
"Барыс" - "Нефтехимик" - 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)
0:1 - 05:07 - Точилкин (Федотов, Хоружев)
Қақпашылар: Шил - Озолин