"Торпедо" Құрлықтық Кубокты ірі жеңіспен бастады

Хоккей

"Хернинг Блю Фокс" - "Торпедо" / Сурет: shaiba.kz

Өскемендік "Торпедо" хоккей клубы Ұлыбританияда өтіп жатқан Құрлықтық Кубок турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыстың алғашқы ойынында даниялық "Хернинг Блю Фокс" командасына қарсы өткізіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Өскемендік ұжым сапынан Никита Колобов дубль авторы атанса, Михаил Рахманов, Максим Мусоров, Дмитрий Гренц пен Илья Кляузов өз есептеріне бір шайбадан жазды. 

Ертең, 16 қаңтарда өскемендік ұжым Францияның "Анже Дюкс" командасына қарсы ойнайды.

"Хернинг Блю Фокс" - "Торпедо" - 2:6 (1:1, 1:3, 0:2)

0:1 - 03:03 - Рахманов (Мусоров) - 03:03

1:1 - 07:29 - Бау (Амороса, Поульсен) - 07:29

2:1 - 22:26 - Цибульскис (Максимович) - 22:26

2:2 - 28:54 - Колобов (Яковлев, Александров) - 28:54

2:3 - 29:25 - Мусоров (Боровиков, Гренц) - 29:25 ГБ

2:4 - 37:39 - Колобов (Рунов, Алдабергенов) - 37:39 ГБ

2:5 - 52:00 - Гренц (Алдабергенов, Боровиков) - 52:00

2:6 - 55:34 - Кляузов (Рифель) - 55:34

Қақпашылар: Фецерс - Пестов