Стенд ату: қазақ спортшылары Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Стенд ату: қазақ спортшылары Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды
Басқа

Әсем Орынбай / Сурет: Olympic.kz

Қазіргі таңда Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтуде, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды. Одан бөлек, "скит" дисциплинасында әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты. Құрама сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай ел намысын қорғады.

Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміс медальға қол жеткізді. Ол "скит" сайысында топ жарды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.