Милан-2026: Қазақстан қоржыны тағы төрт жолдамамен толықты

Милан-2026: Қазақстан қоржыны тағы төрт жолдамамен толықты
Биатлон

Сурет: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Милан-2026 Олимпиадасына тағы 4 жолдама иеленді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биатлоннан 2025-2026 жылғы маусымдағы әлем кубогы кезеңіндерінің нәтижесінде Қазақстан командасы 4 квотаға қол жеткізді. Сәйкесінше, Милан-Кортина ойындарында елімізден 2 ер, 2 әйел сынға түседі. Осы тұста аталған жолдама жекелей спортшыға емес, Ұлттық федерацияға берілгенін айта кеткен жөн.

Италияға нақты кімдердің баратынын жақында Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі жариялайды.

Бұған дейін Қазақстан еншісінде шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан жалпы 23 лицензия болған.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.