Милан-2026: Олимпиадаға қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды
Сурет: Olympic.kz
Милан-2026 қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады.
Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар: фристайл-могул, фристайл-акробатика, биатлон, тау шаңғы спорты, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау. Ал спорт түрлеріндегі команда құрамы төмендегідей:
Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)
Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова. Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.
Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных. Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.
Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.