Қазақ семсершілері Гран-при жарысына қатысады

Қазақ семсершілері Гран-при жарысына қатысады
Семсерлесу

Сурет: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді. Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.