Спорттық гимнастика: алғашқы әлем Кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

Спорттық гимнастика: алғашқы әлем Кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Гимнастика

Нариман Курбанов / Сурет: ҚР ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінен бастайды, деп хабарлайды  BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы алғашқы Әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:

- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)

- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)

- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар)

- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)

- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)

Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.