"Әл-Хиляль" Карим Бенземамен келісімшарт жасасты
Карим Бензема. Сурет: Getty Images
Саудиялық "Әл-Хиляль" франциялық шабуылшы Карим Бенземамен келісімшарт жасасты. Бұл туралы инсайдер Ягыз Сабунджуоглу жазды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы инсайдер Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның хабарлауынша, шабуылшы мен клуб өзара бір жарым жылдық келісімге келген.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Бенземаның ұсынылған келісімшартқа көңілі толмауына байланысты Сауд Арабиясы чемпионатындағы матчта "Әл-Иттихад" сапында ойнаудан бас тартқаны туралы жазылған. Тағы бір БАҚ көздері дерегі бойынша, футболшы Еуропаға қайта оралу жолдарын да іздестіріп жатқан көрінеді.
Бенземаның "Әл-Иттихадтан" "Әл-Хиляль" сапына ауысуына Криштиану Роналду қарсы болғаны туралы да ақпарат тараған. Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" мен өзге "Әл-Иттихад", "Әл-Хиляль" мен "Әл-Ахлиді" Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры қаржыландыратынын атап өту керек.
🚨 Al-Hilal, Karim Benzema ile 1.5 yıllık anlaşmaya vardı!
— Yağız Sabuncuoğlu (@yagosabuncuoglu) February 2, 2026