Олимпиадаға қатысатын қос қазақ спортшысы Германиядағы жарысқа қатысты
Қысқы спорт
Александра Скороходова. Сурет: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы тау шаңғысы спортынан Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жарыста ел намысын Александрa Скороходова мен Ростислав Хохлов қорғады. Сондай-ақ олар 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. Скороходова үлкен жылдамдықпен төмен түсу сайысында сегізінші орынға тұрақтады. Ал супер гигантта қазақстандық спортшы алтыншы орынға ие болды.
Ерлер арасында Хохлов үлкен жылдамдықпен төмен түсуде екі мәрте бақ сынап, 12 және 15-орындарға жайғасты. Ал супер гигантта 23-ші нәтиже көрсетті.