Олимпиада-2026: Шайдоровтың жүлдеге таласы және Қазақстан атынан тағы кім жарыс жолына шығады

Олимпиада-2026: Шайдоровтың жүлдеге таласы және Қазақстан атынан тағы кім жарыс жолына шығады
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Италияда ХXV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін - ақ Ойындардың сегізінші жарыс күні. Бұл күні қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биталон мен мәнерлеп сырғанауда бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бүгін шаңғы жарысында ерлер жеке уақыт бойынша сынға түседі. Мұнда ел намысын Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало мен Наиль Башмаков қорғайды. Жарыс Астана уақытымен сағат 15:45-те басталады.

Ал биатлоншылар спринтте бәсекеге түседі. Ерлер арасындағы жарыста Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Сайыс сағат 18:00-де басталады (Астана уақыты).

Бүгінгі жарыс күнінің басты оқиғасы - Михаил Шайдоровтың мұз айдынына шығуы. Отандасымыз Олимпиада аясында еркін бағдарламасын орындап, жүлдеге таласады. Мәнерлеп сырғанаудан ерлердің финалдық бәсекесі елорда уақытымен сағат 23:00-де басталады. Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысында аралық бесінші орынға тұрақтады.