Қазақ қызы Азия ойындарында төрелік етуге шақырту алды

Қазақ қызы Азия ойындарында төрелік етуге шақырту алды
Басқа

Индира Бектенова. Сурет: Facebook

Спорт журналисі, комментатор Индира Бектенова Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында төреші қызметін атқаруға шақырту алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол жазғы Азиададағы Халықаралық техникалық ресми тұлға ретінде тағайындалды. Индира Бектенова байдарка және каноэ есу (спринт) дисциплинасында төреші қызметін атқарады. Ол осы спорт түрінде халықаралық дәрежедегі төреші қызметін атқаратын алғашқы қазақ қызы болмақ. 

Индира Бектенова, сонымен қатар, Венгрияда өтетін әлем Кубогының бірінші кезеңіндегі ICF халықаралық төрешілер коллегиясының мүшесі атанған. 

Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи мен нагоя префектураларында өтеді.