Канада құрамасы Олимпиада қалашығынан бес жұлдызды қонақ үйге көшкен

Канада құрамасы Олимпиада қалашығынан бес жұлдызды қонақ үйге көшкен
Хоккей

Сидни Кросби. Сурет: Global Look Press

Хоккейден Канаданың ерлер құрамасы Милан мен Кортинада өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары аясында бес жұлдызды қонақ үйге көшкен, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Құрама жарысқа келген кезде алдымен Олимпиада қалашығына орналасқан. Мұнда бірнеше күн болғаннан кейін спортшылардың бәрі бес жұлдызды қонақ үйге қоныс аударған. Команданың шығынын Ұлттық хоккей лигасы мен ҰХЛ Ойыншылар қауымдастығы өтеген. 

Мұндағы басты мақсат - Канада ерлер құрамасының алтын жүлде жеңіп алуы үшін барлық жағдайды жасау. 

Айта кетейік, Канада құрамасы кеше Олимпиада ойындарындағы алғашқы матчын өткізіп, Чехияны 5:0 есебімен жеңді.