29 жастағы норвегиялық шаңғышы сегіз дүркін Олимпиада чемпионы атанды

29 жастағы норвегиялық шаңғышы сегіз дүркін Олимпиада чемпионы атанды
Қысқы спорт

Йоханнес Клебо. Сурет: РИА Новости

29 жастағы норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиада ойындарындағы сегізінші алтын жүлдесіне қол жеткізіп, төртжылдықтың басты бәсекесінің сегіз дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бүгін Йоханнес Клебо ерлер арасында жеке уақыт бойынша жарыста (10 км) топ жарды. Уақыт көрсеткіші - 20.36,2. 

Ақ Ойындарда норвегиялық спортшы спринтте (2018, 2022, 2026), командалық спринтте (2018, 2022), эстафетеда (2018) және скиатлонда (2026) чемпион атанған. Ол Олимпиада ойындарындағы жеңіс саны бойынша отандастары Бьорн Дэлимен, Марит Бьоргенмен және Уле-Эйнар Бьорндаленмен теңесті. Аталған үш спортшының да қоржынында Олимпиаданың сегіз алтыны бар.