Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-шоуында өнер көрсетеді
Қысқы спорт
Михаил Шайдоров. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Бүгін Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде он медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанауда гала-шоу өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Гала-шоуда мәнерлеп сырғанаудан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. Отандасымыз концертте Кунг-Фу Панда бейнесінде шығады.
Мәнерлеп сырғанаудан гала-шоу Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.