Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарын аяқтады
Сурет: Тұрар Қазанғапов / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы жарыстың алғашқы финалы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Роман Иванов өнер көрсетті. Отандастарымыз жалпы есепте 213,93 ұпай жинады. Бұл нәтиже командаға жеті құраманың ішінде жетінші орын алуға мүмкіндік берді.
Екінші финалға төрт құрама жолдама алды. АҚШ құрамасы (351,23 ұпай) аралық есепте көшбасшы атанды. Сондай-ақ Қытай (315,02), Аустралия (289,04) және Швейцария (278,48) құрамалары іріктеуден өтті.
Осылайша, қазақстандық фристайлшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.