Қазақстандық дзюдошылар дзюдодан Азия чемпионаты 2026 жартылай финалында жеңіліп

Қазақстандық дзюдошылар дзюдодан Азия чемпионаты 2026 жартылай финалында жеңіліп
Дзюдо

IJF

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионаты 2026 аясында Қазақстан құрамасының екі өкілі жартылай финалда сүрінді.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов Тайбэй спортшысы Ян Юнвэйге жол берсе, Аман Бақытжан бахрейндік Руслан Полторацкийдан жеңілді.

Осылайша, екі қазақстандық дзюдошы да қола медаль үшін күресетін болады. Шерзод Давлатов үшінші орын үшін өзбекстандық Самариддин Кучкаровпен белдессе, Аман Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурмен татамиге шығады.