Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 2 алтын алды
Басқа
ҰОК
Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.
Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3 400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Ал Полат Төребеков 3 400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.