Шаршы алаңда ешқашан құламаған боксшылардың рейтингі жарияланды

Шаршы алаңда ешқашан құламаған боксшылардың рейтингі жарияланды
Бокс

Getty Images

Шетелдік Thrill.com спорттық порталы кәсіпқой бокста ерекше төзімділігімен және мықты қорғанысымен көзге түскен былғары қолғап шеберлерінің инфографикалық рейтингін ұсынды. Бұл тізімге мансабында көптеген жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет нокдаунға немесе нокаутқа түспеген танымал боксшылар енген, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. Аталған көрсеткіш бойынша екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұрынғы басты қарсыласы, қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннен асып түсті. Карьерасында 68 кездесу өткізген 36 жастағы Альварес ринг төсенішіне бірде-бір рет құламаған. Ал 44 жастағы отандасымыз Геннадий «GGG» Головкин кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, ол да ешқашан нокдаун алмаған. Бұдан бөлек, рейтингіде жеңіліс көрмеген америкалық чемпион Теренс Кроуфорд (42 кездесу) және мансабында 93 жекпе-жек өткізіп, ешқашан сұламаған канадалық атақты ауыр салмақ боксшысы Джордж Чувало бар. Айта кетейік, бұған дейін Головкин мен Альварес үш жекпе-жек өткізді: 2017 жылғы алғашқы айқас тең нәтижемен аяқталса, кейінгі екі жекпе-жекте (2018 және 2022 жылдары) мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.